Нумеролог Гүлжан Олжас Абай жекесіне хабарласып, өзіне де нумерологиялық талдау жасап беруін өтінген деп жазады Democrat.kz.
"Дариға Бадықовамен Олжасты байланыстырған әңгімелер бар ғой. Дариғаның күйеуінің сұхбатында да сондай нәрселер айтылған.
Олжас Абай өзі өтінген соң, туған күн датасына қарадым. Бір күліп алдым. Олжастың датасында "жеті" саны жоқ. "Жетісі" жоқтар үнемі солай қарадай қарап күйіп жүретіндер.
Ондайлар жасамаса да, "жасады" деген атқа қалады. Ал Дариғада керісінше, ол қанша аты шықса да, жұрттың ықыласына бөлене береді. Өйткені оның датасында "жетіліктер" көп.
Олжас Абайдың датасына қарап, ондай сандары бар кісінің көбі лидер, президенттер болғанын айтуға болады. Егер Олжасты саяси бағытқа баулығанда, одан мықты саясаткер шығар еді.
Олжастың датасында қырық жастан кейін атағы екі есеге өсетінін көрсететін "мыңдық" саны бар. Мысалы, Дженифер Лопесте сондай "мыңдық" саны бар. Олжас та сондай танымал болуы мүмкін.
Олжас өте ренжігіш және түрлі түстер көретін адам. Ренжігіш, кекшіл екен. Бірақ бұл мінезін Бадықова жақсы біліп, тілін оңай табады екен.
Ақшаны шашқыш, "транжир" екен. Сонымен қатар Олжас өмір бойы ақшалы болып жүретіндер қатарынан екен.
Бірақ білім жағы төмендеу. Сол себепті білімін дамытуы керек" деген нумеролог 36 жасында Олжас Абайды "подстава" күтіп тұрғанын, Дариға екеуіне шетелге шығу жолы шығып тұрғанын айтты.