ТикТок әлеуметтік желісінде тараған актриса Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
"Қазақтың тойы бітпесін" деген тақырыппен тараған бұл видеода Дариғаның "ерекше стильдегі" киімі жұрттың бірден назарына түсті.
Өзгешелеу киген шалбарынан аяғы талтайып қалғандай көрінген актрисаның бұл образына қатысты түрлі пікірлер жазылуда.
