Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей мен әйелі Бақыт Тұрман кезекті пранк видеосында оқыс әрекетке тап болып, жұртты қорқытып, қуантты деп жазады Democrat.kz.
Қайрат пен әйелі Бақыт балауыз шамдарды ағаш ожаумен сөндіру трендін жасап, видео жариялады.
Видеода бірінші болып ағаш ожаумен балауыз шамды сөндірген Бақыт Тұрманның әрекеті сәтті шықты.
Өкінішке қарай, Қайрат Әділгерей "кек қайтаруды" ойлап, ағаш ожаумен әйелінің бетіне салып қалды. Видео да осы жерден үзілді.
Жұрт "әйелінің бетіне тиген ожауға разы болдым", "Қайрат тірі ме?", "Қайраттың жетісі қашан болады?", "осы видеодан соң Қайратты тірі көргендер бар ма" деген пікірлер жазуда.
Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.