"Өкіндім, қорландым, өкіріп жыладым" деген Әбдіжаппар Әлқожа жан сырын ақтарды(ВИДЕО)

"Өкіндім, қорландым, өкіріп жыладым" деген Әбдіжаппар Әлқожа жан сырын ақтарды(ВИДЕО)

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа ақша табу үшін, атақты болу үшін кей көкелерге жағымпаздану туралы өз басынан өткен бір оқиғасын айтып, бүгінге дейін соған өкінетінін жеткізді деп жазады Democrat.kz.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Әбдіжаппар Әлқожа: "Ешқандай ағаның артына кіріп, атақ үшін, мансап үшін жағымпазданған кезім болмады. Соған қуанамын. 

Бір рет бір жағдай болды. Концерт өткізуіме біраз ақша жетпей, танитын көкемізден барып, қарызға ақша сұрадым. 

Өмірімде бұлай қорланбаған шығармын. Менің әрі кетсе, бір тойда табатын ақшам ғой ол сома. Сол жолы жетпей қалды. 

Артына кіріп, мақтап, жағынбадым. Бар болғаны жақын адам болғаны үшін қолдаңызшы деп өтіндім. Бермеді. 

Қатты өкіндім. Қатты жыладым. Е, алла, кешірші мені, адамға мұқтаж болғаным үшін кешірші мені деп қатты жыладым", деп, одан кейін ешкімге алақан жаймағанын айтты. 

Барлық жаңалықтар