"Өкініп қалармын" деген Мәдина Сәдуақасованы жұрт масқарасын шығарып, сынап тастады

"Өкініп қалармын" деген Мәдина Сәдуақасованы жұрт масқарасын шығарып, сынап тастады

Танымал әнші Мәдина Сәудуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жүктеп, оқырмандарынан оңбай сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесі әнші Луинаның туған күнінен естелігін жариялап: "Біздің Луина босанды! “ деген хабарды жақын уақытта еститін боламыз, бұйырса.
Бұл видео гендер-party- дан естелік.
Бұл видеоны ойланып ойланып салып отырмын. Бір деталь үшін)) Түсінген шығарсыздар?!
Өте әдемі кеш болды, ертең Лу босанып жатса бұл видеоны неге ертерек жүктемедім деп өкініп қалармын.
Сәбиіңді бауырыңа аман есен басуыңа тілектеспін", - деп жазды. 

Алайда оқырмандар оның ашық образын сынап тастады. 

"Күйеуі қайда қарайды", "Төс көрсетуден жарыс болып жатыр ма", "Көкірегіңіз көшеге шығып кетіпті ғой", "Төсін сонша ашқаны несі", "Жас емессің ғой. Жасыңа сай киінсейші", "50-ге келіп мұнысы несі", "Қарап ұялып кеттік қой", "Омырау ашудың не керегі бар мына жаста", "Қуып кетті", - деп жазды желі қолданушылары. 

Барлық жаңалықтар