Танымал журналист Жанар Байсеміз жазба жариялап, оқырманын елеңдетіп қойды деп жазады Democrat.kz.
"Соңында бәрі бәрін түсінді. Өкінді.
Өкініштің өзегі өртеді қатты кеудені.
Бірақ, бәрі кеш… тым кеш…
Енді олар осы өкінішпен өмір сүреді.
Енді олар осы жарамен өмір сүреді.
Өле өлгенше бұл жара жазылмайды.
Бірақ, бұл “ұлы жара” оларға ұлы сабақ берді.
Ұлы қасірет - ұлы сабақ.
Қара шаңырақ - қазақ үшін киелі ұғым.
“Ыстық ұя” фильмі осы киелі қасиетті біздің есімізге салды.
“Ыстық ұя” жүректерді тілгілеп өтті. ЫСТЫҚ ҰЯ бәрімізді жылатты.
Фильмнің бас продюсері Дариға Бадықоваға құрмет! Актерларға құрмет! Режиссерге құрмет! Осы фильмнің басы-қасында болған үлкен ұжымға мың алғыс.
Құрметті оқырмандарым! “Ыстық ұя” фильмі бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастады. Тайлы-тұяғыңызбен барып, көріңіздер!
ЫСТЫҚ ҰЯ - киноның тәрбиелік, идеологиялық құрал екенін көрсетті"деп жазды журналист.