"Өмір мағынасыз" деген Тоқтар Серіков желіде сезімін білдірді

"Өмір мағынасыз" деген Тоқтар Серіков желіде сезімін білдірді

Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында аяулы жары Бейбіт Сейдуалиеваны туған күнімен құттықтап, ақжарма тілегін айтып, сезімін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында Тоқтар Серіков: "Менің бүгін жан жарымның туған күні.Басқаларға қарғанда менің құттықтауым ерекше болуға тиіс.Және ерекше құттықтауымды күтеді. 

Ал жарығым не тілек айтсам екен саған.Қол ұстасып кележатқан жылдардан бері сенің бар екеніңді сезінген жүрек тыныштық әлемінің патшасы.

Маған сенің амандығың,адалдығың,сүрінсем сүйеу,мұңайсам жұбаныш,қуансам демеу болғаның ауадай қажет.

Алла саған ұзақ ғұмыр берсін.Себебін түсіндіңғой сенсіз өмір мағынасыз.Алла берген ұлдарымыздың азамат болып,ақ отау тігіп балашағалы болғанын бірге көрейік", деп жазды. 

Барлық жаңалықтар