Өмір Шыныбекұлы: "Министрмен кездесуде төмендегі мәселелерді айттым"

Өмір Шыныбекұлы: "Министрмен кездесуде төмендегі мәселелерді айттым"
Министр Жұлдыз Сүлейменова еліміздің белсенді мұғалімдерін жинады. Осы жиынға қатысқан білікті педагог Өмір Шыныбекұлы жиында не айтылғанын және өз тарапынан нендей мәселе сөз болғанын айтты деп жазады Democrat.kz.
 
"Кездесуге 40-қа жуық мұғалім қатысты..
Белсенді педагогтардың іштері толып қалған екен, айтылмаған мәселе қалмаған секілді...
Көп нәрсе айтылды..
 
(Кейбірі регламент сақтай алмағаны ыңғайсыздау болды. Егер мұғалім тәртіпке бағына алмаса, оның оқушылары қандай болады?
Бұл үлкен сұрақ).
 
Жиынға қатысқандар өздерінің не айтқанын өздері айта жатар..
Мен Шымкенттен барған азаматтардың ұсыныстары туралы айтайын...
 
1. Мәселен, қайнап тұрған жас кезінде білім саласында біраз жыл қызмет істеп, кейін кризис-менеджерлік қабілеті үшін басшылық басқа салаға ауыстырған Азат Әміртай кейінгі жылдары формализмге ұласқан оқушылардың өзін өзі басқару жұмыстарын тиімді ету жолдары туралы ойларымен бөлісті..
 
Осымен үшінші министрдің тұсында осындай жиындарға қатысып жүрген мен үшін бұл тың жаңалық болды...
 
Егер Азаттың идеяларын ортаға салып талқылап, тағы біраз жетілдіре түссек, гиперактивті балалардың бұзақылық жасауға, шектен тыс ұяң балалардың суицид туралы ойлануға мұршалары болмас еді..
 
(Бірін бірі аяусыз тепкілеп, одан қалса буындырып жатқан жасөспірім қыздар секілді оқушылардың энергиясын басқа арнаға бұрмаса, мектеп қабырғасы "ережесіз төбелес" алаңына айналу қаупі бар).
 
2. Ал, Шымкент қаласындағы N:143 жайлы мектептің математика пәнінің мұғалімі Маржан Алыпқараева  "Өрлеудің" курстарын бір түйреп өтіп, "Білім туралы" заңға соңғы 2 жылда енгізілген 45 өзгерту туралы айтқанда, өз басым аузым ашылып қалды..
 
(Қандай өзгерту деп сұрап әуре болмаңыздар, "Білім туралы" заңды алып қарап, өздеріңіз табыңыздар)...
Мен не айттым?
 
Біраз адамның көкейінде осы тұрған шығар?
- Мен сөйлеп жүргелі 15 жылға жуықтапты..
Бұл кездесуде жастар мен министрлік ұйымдастырған жиынға алғаш қатысқандар сөйлесін.
Регламент белгілеп алайық.
Әрбір адамға 2 минут берілсін..
Жеке басқа қатысты ұсақ-түйек пен ұжымдық даулар айтылмасын (Ол бұдан 100 бұрын болған, 100 жыл кейін де болады).
 
Бір-біріңізді мұқият тыңдап отырып, біреу айтқан ұсынысты ешкім қайталамасын..
Біз 10 жыл бұрын айтқан ұсыныстарды айтып "Айды аспанға шығарудың" қажеті жоқ..
Өз идеяларыңызды аз сөзбен түйіндеп, толық нұсқасын министрге жазбаша түрде тапсырыңыздар деп бастап, өзім дұрыс деп тапқан негізгі мәселеге көштім..
 
1. Педагог мәртебесі шын мәнінде көтерілсін десеңіз, Ұлттық құрылтай мен Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаға айтарын дұрыс жеткізе алатын педагогтарды мүше ету жолдарын іздесеңіз..
 
2. Түркістан облысы білім саласынан ұрлаған 12 млрд теңгенің қаншасы мемлекетке қайтты?
Көктемде сол облыстың бір ДЭР қызметкері 800 млн-дай ғана ақша қайтарылды деген еді..
Өзгесі неге қайтпайды?
Ол білім саласына тиесілі ақша ғой. Сол миллиардтарды қайтартуға күш салыңыз.. дедім..
 
Соны айттым да өзім ұсынған 2 минуттық регламенттен асып кетермін деп, үйден алып шыққан 3 мәселені айтпай, тоқтап едім...
Соңына қарай оны да айтудың сәті түсті.
 
Жамбылдық бір әріптестің "Гуманитарлық пәндер бойынша оқушылар үшін халықаралық сайыстар жоқ. Соны қолға алсаңыз" деген ұсынысына қолдау ретінде жиын соңынан тағы бір минут сөз сұрап алып, 2017 жылдан бері алдымен ОҚО, кейін Шымкент Қаласының Білім Басқармасы өткізіп бастап,Меруерт Медетбекова ханым Шымкент қаласының әдістемелік орталығын басқарып тұрғанда өңіраралық сайыс деңгейіне көтерген "ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ" жобасын республикалық деңгейге көтеру туралы айттым.
 
2022 жылы күзде осы мәселені сол кездегі ОАМ министрі Асхат Аймағамбетов қолдаған болатын. Бірақ ол кісі министрліктен кеткен соң тоқтап қалды. Осы жобаның қағаз нұсқасын 1-орынбасарыңыз Майра Мелдебекова ханымға тапсырайын.
 
Ол кісі қарап шығып, маған хабарлассын, қалғанын ауызша түсіндірейін деп тоқтадым..
PS Жиында ең көп көтерілген мәселе педагогтарды "Авторлық бағдарлама" жазуға міндеттеудің артық екендігі туралы болды..
 
Осы туралы айғайламай "Талай бала бақша меңгерушісі мен директорлармен кездесіп жүрмін.
5-6 жылдан бері директорлыққа үміткерлермен әңгімелесетін комиссияға мүшемін...
 
"Авторлық бағдарлама" деген ғылыми еңбек.
Мен педагогтарға ғылыми еңбек жаздырмастан бұрын, соларды жұмысқа алған басшыларына диктант жаздырар едім" деп күбірледім..
Күбірімді министр естіген-естімегенін білмеймін...."дейді Өмір Шыныбекұлы. 
Барлық жаңалықтар