Оқу ағарту министрі мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрі мәлімдеме жасады
Оқу-ағарту министрлігі мектептегі «География» пәніне қатысты бұрын қабылданған шешімді қайта қарауда деп жазады Democrat.kz.
 
Пәнді міндетті пәндер қатарына қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Казахстанская правда» газетінде жарияланған авторлық мақаласында айтылған, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Министрдің айтуынша, алдағы кезеңде «Қазақстан географиясы» пәнін толық көлемде оқыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Пәнді қайта енгізу оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жаһандық білім беру үрдістеріне сәйкес келетін құзыреттерді дамытуға бағытталғаны атап өтілді.
 
 
Барлық жаңалықтар