Оқу ағарту вице-министрі аттестациядағы жаңа талаптар туралы айтты

Оқу ағарту вице-министрі аттестациядағы жаңа талаптар туралы айтты

Оқу ағарту вице министрі Ақпарова Шынар арнайы баспасөз брифингінде педагог зерттеушілерге қандай талаптар қойылатынын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Вице министрдің айтуынша, ендігі жерде педагог зерттеуші үшін ашық сабақ саны қысқартылады. 

"Осыған дейін 28 сабақ болса, енді барлығы 6 сабақ өткізсе, жеткілікті. Оның үшеуі оффлайн, үшеуі онлайн форматта. Солардың біреуі облыс көлеміндегі сабақ. 

Біліктілік арттыру курсының саны 80 сағаттан 72 сағатқа дейін қысқартылады. 

Педагогтың білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық топтарға, жобаларға қатысуы талап етіледі. 

Білім беру ұйымында сынып сағаттары немесе сыныптан тыс іс шараларды өткізу талабы енгізіледі. 

Бұрын семинар, конференцияда баяндама жасау талабы болған. Ол тәжірибені тарату форматымен алмастырылады. Қосымша ретінде білім беру ұйымы деңгейінде кемінде екі педагогқа әдістемелік сүйемелдеу жүргізу талабы енгізіледі. 

Бұл тәлімгерлік емес. Бұл педагогқа әдістемелік сүйемелдеу жүргізу. 

Бұдан бөлек, тәуекел тобындағы балаларды анықтау бойынша біліктілігін арттыру курсынан өту", деді Шынар Ақпарова. 

Барлық жаңалықтар