Оқушы емес, мұғалім оқушыларына сыйлық үлестіріп таңғалдырды

Оқушы емес, мұғалім оқушыларына сыйлық үлестіріп таңғалдырды

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеода әдеттегідей оқушылар алғыс айтып, мұғалімге сыйлық беру емес, керісінше, мұғалім оқушысына сыйлық таратуы жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.

Негізінен мектеп бітірерде түлектер мұғалімдеріне алғыс ретінде сыйлық ұсынатыны қалыпты жағдай. Алайда ТикТок желісінде тараған видеода мұғалім оқушыларына сыйлық таратты. 

"Мектеп бітіріп, кеткелі тұрсыңдар. Бір жүрек едік, енді біз бөлініп, әрқайсымыз әр жаққа кетеміз. 

Сол себепті бүгін сендерге арнайы сыйлығымды ұсынбақпын. Бір жүректен бөлінген көп жүрекпіз, бір бірімізді ұмытпайық деген ниетпен әрбіріңе арнап, ағаштан жүрекше кілт бауын жасаттым. 

Осы сыйлықты жоғалтпай, келесі кездесуімізде төрт көзіміз түгел жолығып, бүтін жүректегі ойылған орнына қоюды нәсіп етсін" деген ұстаздың тілегі жүректі елжіретті. 

Пазл секілді етіп жасалған ағаш жүректен әр оқушы өзіне тиесіні жүрекше бөлігін ойып алып жатып, көздеріне іркілген жасты тоқтата алмады. 

Барлық жаңалықтар