Таяуда ғана Кеген жақтан мәйіті жанып жатқан жерінен табылған полицей Аслан Әлсеровті танитынын айтқан қоғам белсендісі Абзал Достияр қоғамдық сұмдық пен шындықты айтты деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында Абзал Достияров: "Ажырасу қасірет пе?
Кеше ғана жер қойнына тапсырылған полиция қызметкері Асланды жақсы танимын.
Әдетте полиция қызметкері қайтыс болса біздің қоғам қатты аяушылық таныта қоймайды, керісінше “өзіне сол керек” деген ұстанымда болады.
2020-шы жылы Пандемия кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысы шектесетін жерде өз көліктерінде қаннен қаперсіз отырған екі полицейді ішімдікке тойып алған әріптесі “БМВ” көлігімен соғып мерт қылғанда да қоғамда аяушылықтан гөрі табалау басым болды.
Бұлай болуына билік кінәлі.
Митингке шыққандарға күш қолданумен жеккөрінішті болған Арнайы жасақ(СОБР) қатарында қызмет еткен, беріде саяси белсенділерді аңдумен, бақылаумен, ұстаумен айналысатын(негізгі міндеттері ол емес әрине) жедел уәкілдердің бірі болған (Опер)Аслан Альсеров туралы біраз дүние жазып тастасам болар еді, бірақ бүгінгі жазбам ол тақырыпта емес.
Оның үстіне қазақ қайтқан кісі туралы не жақсы сөйлейді немесе үнсіз қалады.
Менің айтпағым- қазақ әйелдерінің көнбістігі туралы.
Асланның әйелі Арайлымды қаралап жатқан кісілердің көптігі байқалады, бізде айта салу, біреудің сыртынан тон пішу оңайдың оңайы.
Ал егер Арайлым ертерек ажырасуға арыз түсірсе бұндай қасіреттің бірі де болмас еді.
Балалар анасымен өмір сүріп, әкесімен кездесіп тұрар еді, әркім өз өмірін сүрер еді.
Егер ажырасқан соң да тыныштық бермейді десе оған жақында қабылданған “Сталкинг” заң жобасы көмектесер еді.
Егер еркінен тыс қарым-қатынасқа мәжбүрлесе, аңдып, телефон арқылы мазаласа заң бойынша жауапқа тартылар еді.
Жалпы қазақ жігіттері сүйе білмейді, отбасын құруға дайындалмайды да, әйтеуір үйлене салады.
Жауапкершілік деген мүлдем жоқ!
Айналама қараймын, ер-азаматтар:”Мен жұмыс істеп жатырмын, тамақ тауып жатырмын, менің миссиям осы”-деген келте түсінікпен өмір сүріп жатыр, және соны міндет етеді.
Елімізде мыңдаған, мүмкін миллиондаған отбасы өтірік өмір сүріп жатыр, бізге осылай көрініп қалатыны санаулы, мен қазақ әйелдерін аяймын…
Сондықтан қазақ қыздары көнбіс болмауы керек!
Дәм-тұзың жараспады ма, сүреңсіз өмір сүріп жатырсың ба, онда өз -өзіңді қинама!
Егер бір бағытқа бірге қарай алмасаңдар, құндылықтарың бір болмаса өз-өзіңді қинаудың маңызы жоқ!
Бірақ ең әуелі отбасы құрарда мың рет ойланып шешкен жөн.
Бір рет берілетін өмірді дұрыстап сүр!" Деді.