"Өртелген полицейдің" қарындасы ағасы туралы жазып, елді елеңдетіп қойды

"Өртелген полицейдің" қарындасы ағасы туралы жазып, елді елеңдетіп қойды

Бірнеше күн бұрын мәйіті өртеніп жатқан жерінен табылған полиция қызметкері, марқұм Аслан Әлсеровтің қарындасы желіде жазба жариялап, ағасын жоқтады деп жазады Democrat.kz.

"Бүгін міне 3 күн Ағатай! Сенің жоқтығына қалай сенерімді де білмеймін( 3 күн қол жайып таң намазымен дұға жасап басыңа барғаныма жатқан жерің жайлы болсын!

Жаның жай тапсын! Мәңгіге есімде жүрегімде. балапандарың аман болсын! Қаншама фото видео қарасам отбасыңның қасында қорған болғаның балапандарыңды дамытып жүргеніңді көруге болады.

сен туралы кітап жазуға болады… сенімен бір сәт тілдескен адамның өзі жақсылығыңды айтып кетті. қайтып сенейін! Сенің кең жүрегіңе ӘЛЕМ сыйғанын қайдан білейін.

 Өз салаңда да өз ортаңда да жақын туыста да тіпті бір көрген адамыңның өзіне дейін жақындастырып кеткенің оған дәлел", деп жазды марқұмның қарындасы.

Барлық жаңалықтар