Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды Democrat.kz.
Путин сөзінде екі тарап инвестициялық байланыстар нығая түсетініне сенім білдірді.
«Қазір ортақ жеті инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, бұл әлі басы ғана. Біз оны бүгінгі кездесу барысында да талқыладық. Серіктестігіміздің тың бағыттары сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ресей басшысы.
Ол ресейлік жоғарғы оқу орындарында 60 мыңнан аса Қазақстан азаматы оқып жатқанын атап өтті. Ал Қазақстанда сегіз ресейлік ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейді.
«Мен, осы жерде сіздің ұсыныңызбен құрылған Халықаралық орыс тілі ұйымын ерекше атап өткім келеді. Ұйым қазір жұмысына кірісіп кетті. Атап өтетін нәрсе, кеше сізбен болған бейресми кездесуде ол ұйымның жұмысын әрі қарай қалай ұйымдастыруға қатысты белгілі бір ескертулер айттыңыз. Сіздің тиімді ұсыныстарыңызды қабылдадым және сол үшін рахмет айтқым келеді», – деп атап өтті Путин Тоқаевқа.