Танымал ұстаз Өмір Шыныбекұлы Оқу ағарту министрі Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары жасалып жатқанын және өзі ұсынған мәселе туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Өмір Шыныбекұлы: "Мен Қоғамдық Кеңесі төралқасының отырыстарын әр ай сайын облыс орталықтарында өткізуді ұсынамын (Қоғамдық кеңес туралы заңмен бұған тыйым салынбаған).
🔹️Түске дейін (10.00-13.00) сол өңірдегі арыз-шағымдары бар педагогтар үшін қоғамдық қабылдау өткізу;
🔹️Түс қайта Білім Басқармасы мен Білім саласында сапаны қадағалау Департаменті басшыларымен бірге түскен арыз-шағымдарды тиісінше құзырлы органдарға (Еңбек инспекциясы, Прокуратура, ҰҚК және Экономикалық тергеу Департаменті) тапсырамыз.
Бұлай ету 2 мәселені шешер еді.
1. Оқу-ағарту министрлігіне келетін арыз-шағымдар толастайды.
2. Халықтың, оның ішінде педагогтардың Оқу-ағарту министрлігіне деген сенімі оянады.
Ескерту: Қоғамдық кеңестің өзге мүшелері бұл жиындарға қатысу-қатыспауды мүмкіндіктеріне қарай өздері шешеді!" дейді.
Бұл ұсынысқа қатысты педагогтар өз қолдауларын білдіріп, "өте дұрыс бастама", "проблемамызды айтатын, құқығымызды қорғайтын, билікке мұңымызды жеткізетін осындай бір ұйым керек" екенін аға тартуда.