"Өтірігіңізге береке берсін, Шынар Ақпарова!" деген белсенді ұстаз үндеу жасады

"Өтірігіңізге береке берсін, Шынар Ақпарова!" деген белсенді ұстаз үндеу жасады
Белсенді педагог, білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы Оқу ағарту вице министрі Шынар Ақпарованың "белсенді ұстаздар Жұмыс тобынан өз еркімен кетті" деген сөзіне қатысты пікір білдіріп, "өтірігіңізге береке берсін" деді деп жазады Democrat.kz.
 
Өмір Шыныбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Оқу ағарту вице-министрі Ш.Ақпарова ханым, өтірігіңізге береке берсін..
 
Біз бұл құжатты көрмедік және топқа өздеріңіз ғана жаза алатын етіп жауып тастадыңыздар, мазалай берме дегендей. жазбауды да ескерттіңіздер...
Біз сол үшін шығып кеттік.
 
Жұлдыз Досбергенқызы, айналаңызда сіздің бастамаларыңызға саботаж жасап отырғандар бар ма деген күдігім бар..
 
Себебі, Президент қол қойған заң негізінде құрылған Қоғамдық Кеңестің чатына да тек админдер жаза алады..
 
Аттестациялау ережелерінің жобалары Қоғамдық кеңесте де талқыланған жоқ!
Қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Әбенов кеңес талқысына бүгінгі күнгі ең өзекті аттестациялау ережелерін салудың орнына қайдағы бір Болат Нұрғожаев дегеннің сабақ арасындағы үзілістер туралы ұсынысын талқылауға шығаруға әрекет жасады..Менің түсінбейтінім Қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Әбенов компетенциясы жетпесе немесе кеңес жұмысымен айналысуға уақыты жоқ болса, ол орынды неге ұстап отыр?
 
Вице-премьер Аида Балаева ханым, осы мәселені зерделеп көріңізші..
 
Аттестация ережелері төңірегінде теп-тегіс жерден шу шыққанын көріп отырсыздар..
Қоғамда мұндай шу тудыруға кім мүдделі?"деп жазды. 
Барлық жаңалықтар