"Отқа оранған бес бала": Астанадағы бес періштенің бейіті жұртты жылатты (ВИДЕО)

"Отқа оранған бес бала": Астанадағы бес періштенің бейіті жұртты жылатты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде жерлеу рәсімі бойынша қызмет атқаратын жігіт осыдан бес жыл бұрын күллі Қазақстанды дүр сілкіндірген, Астанада өртке оранған бес баланың бейітін көрсетіп, жұртты жылатты деп жазады Democrat.kz.

2019 жылы Астанада анасы мен әкесі жұмысқа кетіп, үйде өздерін қалдырып кеткен бес бала кенеттен шыққан өрттің салдарынан тірідей жанып кеткен еді. 

Бұл оқиға елімізде ғана емес, шетелдік ақпараттарға дейін шығып, жұртты дүр сілкіндірген. 

Бір үйдің бес бірдей періштесі отқа оранған сол оқиға Қазақстанда талау әлеуметтік мәселелерге басқа қырынан қарауға мәжбүрлегені де жасырын емес. 

ТикТок әлеуметтік желісінде сол балалардың басына орнатылған ерекше бейіттің видеосын жариялаған блогер жұртты тағы бір күрсіндіріп, көздеріне жас үйірді. 

Бес періштенің басына орнатылған тасы өте ерекше. Қатарынан тізілген қара тасты бір бірімен қол ұстасып тұрғандай етіп, бірдей етіп жасапты. 

Бейіттің басында жатқан ойыншықтар қыршыннан қиылған ғұмырдың куәсіндей...

"Қазақ тарихындағы ең қаралы оқиға еді бұл", "әлі күнге есіме түссе, жүрегім ауырады", "бес шарасыз баланың ыстық отқа шырылдап жанып жатқанын елестетсем, аза бойым қаза болады", "жандары жәннаттық болсыншы" дескен жұрт көздеріне жас толғанын жасырмады. 

Барлық жаңалықтар