Бибісара Асаубаева: "Әлемде тек Ресей мектептері мықты"

Бибісара Асаубаева: "Әлемде тек Ресей мектептері мықты"

Танымал шахматшы Бибісара Асаубаева кезекті бір сұхбатында тек ресейлік мектептердің мықты екенін мәлімдеп, сынға қалды деп жазады Democrat.kz.

Сұхбат барысында Бибісара Асаубаева әдеттегідей неге қазақша сөйлемейтінінің себебін айта келіп: "Мені өгей әкем тәрбиелеп, өсіргенін бәрі біледі. 

Өгей әкемді әрине, мен "әке" деймін. Ол мен үшін барын салып, маған ең мықты жаттықтырушыларды жалдап, өсуіме ықпал етті. 

Әлемнің ең мықты, көшбасшы мектептері Ресейде.Менің жаттықтырушыларымның барлығы тек ресейлік болды. Сол себепті де менің тілім орысша, ағылшын тілінде жатық шықты. 

Қазақ тілін аздап білемін. Бірақ тілді оқып, үйренуге уақытым жоқ. Өйткені миымды басқа дүниелермен толтырып тастағанмын", деп, өз тілін білмегеніне аздап қынжылатынын жасырмай, ақырындап қазақ тілін үйренуге бет бұрып жүргенін айтты. 

Бибісараның бұл сөздері ұлтшыл жұртқа жақпай қалды. "Басқа тілді оқуға уақыт тапқанда, өз тіліңді неге оқымайсың", "Ресей мектептері әлемдегі көшбасшы, мықты емес", "Неге ресейшіл бұл" дегенге саятын пікір жазған жұрт ренішін жасырмады. 

Барлық жаңалықтар