Қазақстандық желі қолданушылар кеудесіне қос кесені керіп таққан қыздың суретіне байланысты қызу талқылау жүргізуде деп жазады Democrat.kz.
Бұл фото негізінен белгілі бір брендтің фотосессиясындағы көрініс екен. Екі оюлы кесені төстартқыш етіп кеудеге таққан қыздың суретін жақтыра қойған кісі аз.
"Кесені кеудеге тағыпты, енді шайнекті де бір жеріне тақсын", "ұлттық кесені қорлау ғой бұл", "ұят емес пе", "бұл көргенсіздік" деушілерге қарсы "өнер ғой, онда тұрған не бар", "кесені киелі етпеңдерші", "келіншайға жақсы киім екен" деп қарсы пікір жазуда.