Оңтүстікте мас мұғалім төрт адамға ажал құштырды

Оңтүстікте мас мұғалім төрт адамға ажал құштырды

Түркістан облысының Арыс қаласында жан түршігерлік қайғылы оқиға орын алды, бұл туралы журналист Козачков хабарлады деп жазады Democrat.kz. 

Рульде отырған 52 жастағы Бибінұр Қасымова жеке үйдің қоршауына соғылып, оның алдындағы орындықта отырған адамдарды қағып кеткен.

 Соққы салдарынан төрт адам қаза тапты, олардың арасында екі кішкентай бала мен жүкті әйел бар. Тағы екі адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Дереккөздердің мәліметінше, күдікті мектепте жұмыс істейді, ал бос уақытында такси қызметімен айналысқан. Сараптама апат кезінде әйелдің мас күйде болғанын анықтады.

Бұл ЖКО абайсызда жасалған қылмыс ретінде сараланатындықтан, ең жоғары жаза мерзімі 10 жылға бас бостандығынан айыру. Алайда заңнамадағы қолданыстағы шикіліктер мұндай апаттарға кінәлілерге жәбірленуші тараппен татуласуға, шамамен 7 жыл алып, 2-3 жылдан кейін-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға мүмкіндік береді. Дәл осындай сценариймен қазір Алматыдағы Александр Пактың ісі жүріп жатыр. 

Осыған байланысты журналист депутаттар корпусына заңда мас жүргізуші-кісі өлтірушілер үшін неліктен әлі күнге дейін мұндай «саңылау» қалдырылып отыр деген өткір сұрақ қойды.

Барлық жаңалықтар