Өз әкесі мен ағасынан зорланған әйел бүкіл шындығын жайып салды

Өз әкесі мен ағасынан зорланған әйел бүкіл шындығын жайып салды

Танымал заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде өз туған ағасынан зорланған қыздың хатын жариялады деп жазады Democrat.kz.

Хаттың грамматикалық қателерін түзетіп, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

"Сәлеметсіз бе, Ләззат әпке. Мен де өз басымнан өткенді жазсам, деп едім. Соңғы жылдары жүйкем сыр беріп, ішім күйіп өртеніп барады.

Анамды иттің етінен жек көремін. Оны көргім, білгім, сөйлескім келмейді. Мені туған ағам зорлады. Ол аздай ағамның зорлағанын естіген әкем де мені зорлауды бастады. 

6 жастан асқан кезім...ағам 13 жастан асқан еді ... Күштеп зорлық көрсетті ,мен айғайлап шыңғырғаным есімде .... Қатты жыладым қойшы аға жібер деп жалындым ,ол жібермеді өз ісін жасап, далаға шығып кетті.... Жылап ұйықтап кетіппін ,кешке шешем жұмыстан келетін, соның шапалағынан ояндым.

Мені қорғай ма деген шешем, жағдайымды естігенде, бір жеріңе еге болмайсың ба деді, ашып жата бермей,оқтаумен ұрды,жуындырып айғайлап жатты.....бірақ баласына ештеңе демеді, қой деп айтпады...

Әкем вахтада жұмыс істейтін....Әкем келгенде әкеме жылап айттым үлкен ағам тиіседі деп...әкем "сен кішкентай бәле болдың ғой" деп салып жіберді... Әкем арақ ішетін, үйдің күл талқанын шығарып, шешеме айғайлайтын, бірақ қол көтеруге шешемнен қорқатын...оған неге айттым не күттім білмеймін...

Кейін әкем де ішіп келіп, маған қол жүгіртіп, тиісуді бастады. "Сен енді қыз емессің саған болады" деп күштеп зорлайтын болды. 13 жасыма дейін осылай жалғасты!

13 жасымнан бастап ес жинап өзімді қорғай бастадым енді істесең көрші апаға айтам деп, әкемді қорқытып қойдым, шешем білетін, бірақ үндемейтін....

Әкем алдыңғы жылы өлді. Ол өлгенде Құдайға тапсырып жаназасына бардым, ешқандай сезім болмады.. Ағам бес баласы бар, қазір дәулетті кісі болып өмір сүріп жатыр.

Қазір 35 жылдан аса уақыт болыпты аға сымақ ағам бірде бір рет кешірім сұрамады....мен араласпаймын онымен, жеңгем мені кішкентайынан жәлеп деп барлық елге солай айтқан, өзі сол зорлықшының қасында жатып бала шағасын өсірді ..

Қазір жасым қырықтан асты бала шағам бар, жолдасым да бар ...бірақ жүрегім қысылады ...тыныштық жоқ бала шағамды көрінгеннен қорғап, қорқып өмір сүрудемін.

Кейде еңіреп жылаймын ,кейде Құдай мені алшы осыны ұмыту үшін деп сұраймын. Осынша жыл ішімде жатты,  әкем өлгенде ашуым өршіп кетті, шешемді жек көрем.

Звондаса сөйлескім келмейді, жылап блокқа қойдым, ал ол болса түк болмағандай рахаттанып өмір сүріп жатыр, қазір жасы 70 ке толады ,ішкені алдында,ішпегені артында, "мен анаңмын неге звандамайсың" деп кеудесін соғады, қарғайды, бірақ мен кешіре алмадым,баласын да кешіре алмадым әкемді де кешіре алмадым...кешірмеймін..

Айтарым қыздарыңызды қорғаңыздар ,қыз балаға қамқор болу керек кішкентай қыз оның не екен білмейді,жыныыстық сауаттылықты үйрету керек. Қыз баланы қызым деп емес ,бақталасым деп өсірген шешем,енді қартайғанда менен жылулық күтеді...

Өкінішке қарай менің есімнен ол жағдайлар кеткен емес, мен тек өлсем ұмытатын шығармын...өйткені бұндай жағдайды ұмыттыратын дәрмен жоқ.."деп жазылған хатта. 

(Мұндай сұмдық хаттарды алдағы уақытта да жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Өйткені өзгенің қатесі өзгеге сабақ болуы керек деп санаймыз)

Хат заңгер Ләззат Рақышеваның әлеметтік желі парақшасынан алынды. 

 

Барлық жаңалықтар