Танымал актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықовамен түсірілген бірнеше видеоларын жариялап, "позорымды шашты" деп жұртты күлдірді деп жазады Democrat.kz.
Олжас Абайдың жариялаған видеолар кадр сыртындағы қызықты сәттері болса керек, барлығы оқыстан түсірілген дүниелер сияқты.
Таяуда кинолары жарыққа шығатынын мәлімдеу үшін арнайы видео түсірмек болып, басталған сәтте Бадықованың сөзден сүрінгенін байқауға болады. "Позорымды шашып, бір видео түсіре алмадық" деген Олжас Абай әріптесін күлкі етеді.
Мұнан бөлек, Очоудың Бадықованы сыртынан түсіріп алған видеолары жұртты күлкіге қарық қылды.