"Премия түгілі, маусым айының жалақысын алмадық": Педагогтар Қаныбек Жұмашевке реніш білдіруде

"Премия түгілі, маусым айының жалақысын алмадық": Педагогтар Қаныбек Жұмашевке реніш білдіруде
Оқу ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің "мұғалімдер ресми мереке сайын сыйақы алады" деген сөзіне қатысты педагогтар ащы шындықты айтып, пікір білдіруде деп жазады Democrat.kz.
 
Әлеуметтік желіде белсенді ұстаз Ұлпан Абай комитет төрағасының сөзіне қатысты: "Бұлар кімді алдап отыр? Сыйақы екі жолмен беріледі.
 
Біреуі жан басына қаржыландыратын мектептерде, жылдық қаржыдан артылып қалған қаражаттан беріледі.
 
Ондай мектептердегі мұғалімдердің бәрі бірдей алмайды. Санаулы ғана адамдар алады. Алғыс хатты қалай беруші еді, дәл солай береді. Директорға ұнайтын мұғалімдер. Достары. 
 
Екіншісі аудандар мен қалалардың басшылары беруді қаласа береді. Заңда солай жазылған.
Бұл жағдайда Алматы, Астана қаласының мұғалімдері алады.
 
Олардың әкімдері жыл сайын береді. Басқа өңірлердің әкімдері ешқащан бермейді, берген емес, бергілері келмейді. Бір ауданда әрі кетсе 8 мектеп жан басына қаржыландыруға өткен.
Сыйащы соларда ғана бар.
 
Мыналар заң білмей ме, бідсе де білмегендей бола ма?", - деп жазба жазып, сауал тастады. 
 
Бұл жазбаға қатысты "Мұғалімдер маусым айының жалақысын әлі алған жоқ, бүгін болса шілденің 21. Кімге жазып айтамыз халқым", "Қ.Жұмашов-Маңғыстауда болған азамат! Жеке Басында шаруам жоқ Мұғалім- статусына байланысты бұлардан- бедел, сапа, сана кеткелі-40-жыл болды. Енді қалай айтсаң да, қалпына келмейді . Болмашы айлық пен сабақ берген ағай+ апайларлың есімдері мәңгі есте! Осыдан- 62- жыл бұрынғы бастауыштың сабағын, Универлер бере алмай жүр . Ал- Мұғалім- биліктің құйыршығы болды Коррупция жайлаған жерде білім болама! Біз БІТТІК-. Жаңа-заңға да мұғалімдердің қатысы бар!"деген пікірлер жазылуда. 
 
Барлық жаңалықтар