Продюссер Жан Мұқан Тамара Асарға қатысты ерекше жазба жариялады.

Продюссер Жан Мұқан Тамара Асарға қатысты ерекше жазба жариялады.

Тамара Асар – Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағын иеленді деп хабарлайды Democrat.kz. 

"Мемлекет басшысы өз қолымен табыстады – бұл ерекше құрмет, ерекше жауапкершілік.

Тамара Асар — көптен бері елдің сүйіспеншілігіне бөленген нағыз халық әншісі.
Ал енді оның есімі заманауи Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылатын болды.

Жиырма жылдық шығармашылық серіктестікте мен одан ешқашан «қолымнан келмейді», «қаламаймын», «істемеймін» деген сөз естімедім.
Тамара — адалдықтың, жауапкершіліктің, тұрақтылықтың символы.
Онымен жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе.
Бүгінгі марапат — мен үшін де қуаныш, мен үшін де мақтаныш.

Томи, сен бұл атаққа шын лайықсың!
Сенің үнің, дарының, мінезің, қоғамдағы ұстамдылығың мен дәстүрге деген құрметің – баға жетпес қазына.
Қазақ халқының салт-дәстүрін осыншалық терең білетін адамды мен сирек кездестірдім.
Сенің сымбатың, жүріс-тұрысың, инабаттылығың – көпке үлгі.

Басына түскен сынақтарға, ауыр операцияларға қарамастан, сен рухыңды сындырмадың.
Сен – шын батырсың, осындай қалпыңмен халық жүрегінде мәңгі қаласың.

Сені шын жүректен жақсы көремін,
Жолдасың Жұмаш екеуіңе ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілеймін.

Бүгін мен де мақтан етемін:
енді мен – Халық әртісінің продюсерімін!" Деп жазады Жан Мұқан өз парақшасында.

Барлық жаңалықтар