Мөлдір Мұқанованың ізіне түскен Бақыт Тұрман енді Тұрсынбек Қабатовтан арқасын алыс алуға, асығуда деп жазады Democrat.kz.
«Қайраттың жұлдызы жанды, кәдімгідей. Бақ кірді бұл жерде. Бақыт қай жерде кірді, «Әзіл әлемінде» емес, «Түнгі студияны» жүргізіп бастағанда кірді», – деді ол қымсынбастан.
Мұны естіген желідегі жұрт «мынаған не болып жүр?» десті. Тіпті бұл сөзіне күйінген кейбіреулер «Қайратты Тұрсынбек көтерді, Тұрсынбекті Мөлдір көтерді», «Әп-әдемі ма деп жүрсе, әңгімесі біртүрлі ғой», «Қайратты Қайрат еткен, сахнаға шығарған, атын шығарған Тұрсынбек екенін ұмытпаңыз», «Түнгі студияны» жүргізе алмады ғой.
Нұрлан ағамыз келіп, қайта аяққа тұрғызды. Қайратты Қайрат қылған – «Әзіл әлемі». «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген сөз бар» – деп қайырды көпшілік.