Қайрат Әділгерейдің әйелі хейтерлермен әлі алысып жатыр

Қайрат Әділгерейдің әйелі хейтерлермен әлі алысып жатыр

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі парақшасында Жазира мен Жанболат өткізген тойға қатысты пікір білдіріп, арасында күйеуіне де жарнама жасаы деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Жазира мен Жанболаттың ұлының тойын жүргізген асаба Қайрат Әділгерейге қатысты әлеуметтік желіде сұмдық сын сөздер айтылып, жұрт "Әділгерей ерсі әзілдерімен әдемі тойдың шырқын бұзды" дегенге саятын пікірлер жазғанын бірер күн бұрын жариялап едік. 

Жұрттың сынына қалған күйеуін жақтап, мақтап, тіпті жарнамалай жазба жариялаған Бақыт Тұрман бұл жолы да хейтерлерге қарата: 

"Бұл бір деңгейі биік той болды. 700 дей қонақ сыйдырған алып Сарай, арнайы жасалған әдемі заманауи безендіру элементтері, дәмді тағамдар, арнайы жасалған бағдарлама, ерекше музыкалық номерлер. Бұл тойда тіпті жүргізушілердің киім үлгісі, құдағилардың киім түстері келісіп қойғандай бір реңде болды.


Яғни, ол тіпті тойдың кейбір мән берілмейтін тұстарының да сәті түскендей, үйлесіп кеткендігін білдіреді.

Әр сөзге, әр сәтке, әр акцентке мән беріп отырған мен, өзімнің болашақта ұлымның тойына осылай дайындаламын, келген қонағыма ерекше той көрсетуге тырысамын деп қызықтым, үлгі алдым.


Әсіресе, тойды басқарған екі бірдей Батыстың атышулы жүргізушілерін атап өткім келеді. Бірі өзімнің жұлдызым болса Қайрат Әділгерей, бірі Оралдық @nurba_07 .

Бір тойда екі жүргізушінің тандемі жақсы болды. Күнделікті тойда жүргізушінің әр сөзін тыңдап отыратындай, әр сөзге мән бере қалған хейтерлермен әрине келіспедім.

Тойды шашыратпай, соңына дейін жайылмай, бір темпте алып шыққан оларға respect.
Керемет дайындық, биік талғам, жауапкершілік, ешқандай "ажиотажсыз Дүбірлі- думанды Той" Қайрат айтпақшы", деп жазды Бақыт Тұрман. 

Барлық жаңалықтар