Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрыңғы әйелі Мөлдір Мұқанова қызғаншақ кей кісілерге ескерту жасап, видео жариялады деп жазады Democrat.kz
Бірнеше күннен бері Мөлдір Мұқанованың фильміне тиісіп, қайта-қайта видео жариялап жүрген Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман сияқтыларға қарата: " Сөздің құдыреті бар, кімге не тілесеңіз өз басыңызға келеді. Менің киномды ел болып талқылап жатыр. Жақсы айтып жатқандар да, жаман айтып жатқандар да бар. Киноны көрсе де, көрмесе де негатив айтып жатқандар бар. Алайда менің айтқан әндерім де хит болып кетіп жатыр. Бұл да менің бағым. Кином да, әндерім де, әрекеттерім де маған құдайдың берген бағы. Негатив сөйлеп жатқандар - маған берілген бақты көре алмай жатқандар." деді Мөлдір Мұқанова
Оқырмандар Мөлдірдің кімді меңзеп айтқанын жазбай таныды. "Бақыт Тұрман ұят тірлік жасады", "Бақыт Тұрман қызғанып кетті", "Ондайларға мән берме" дегенге саятын пікірлер жазып жатыр.
(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіретін сайттарды заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз)