Қайрат Әділгерейдің отбасын мектепте оқушыларға үлгі етіп, дәріптеді

Қайрат Әділгерейдің отбасын мектепте оқушыларға үлгі етіп, дәріптеді

Әзілкеш Қайрат Әділгерей мен әйелі Бақыт Тұрманды алматылық мектеп арнайы шақырып, үлгілі отбасы ретінде оқушыларға көрсетіпті. Бұл туралы Бақыт Тұрман өз парақшасында жазды деп хабарлайды Democrat.kz.

"Бүгін бір ерекше күн өтті!
М.Мақатаев атындағы 140 мектеп гимназиясының ұстаздары мен 10 сынып оқушылары біздің өнерімізді бағалап, отбасылық өмірімізді болашақ жастарға үлгі өнеге болар деген мақсатпен керемет шара ұйымдастырды.

Оқушылардың ән мен биі, поэзия, домбыра үні мен қызықты қойылымдар сахнада тоғысты. Оған қоса, Кайраттың шығармашылығына ерекше көңіл бөлініп, ол ойнаған кинолардың үзінділері оқушылардың ойынымен сахналанып, бізді таңғалдырды.
140 мектеп гимназиясы әрдайым заманға сай алға басып, білім берумен қатар оқушылардың бойындағы ерекше қабілеттерін ашу үшін барлық жағдайды жасап келеді. Қазақы тәрбие мен отбасы құндылықтары дәріптелетін бұл оқу орны Алматымыздың үздік мектебі.

Осы ретте, мектеп директоры Сәния Өскенбайқызына ерекше құрметі үшін алғыс білдіреміз!

Шараны ұйымдастырып, оқушыларға бағыт- бағдар берген сынып жетекшілеріне және белсенді оқушыларға үлкен рахмет айтамыз!
Еңбектеріңіз жана берсін! Мектебіміз көркейе берсін!"деп жазды Бақыт Тұрман. 

Барлық жаңалықтар