Кезекті бір подкастта әнші Нұрлан Еспанов әншілердің атақтарына қатысты сөз қозғап, өз ренішін де білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Қайрат Нұртасқа "Халық әртісі" атағын беру керек. Қалай десек те, ол сол атаққа лайық. Кафеде ән айтқандар да сол атақты алып жатыр ғой.
Таңғалам да, бізде әншіге атақ беру мәселесі қызық. Мысалы, маған ешқандай атақ берілмеген. Атақ беріле қалса, елден қашып кетпеймін ғой.
Сол атақты алғандар баратын санаторийге де бармай-ақ қояйын. Бірақ бізде өнер адамын бағалауда түсініксіз жағдайлар бар ғой" деді Нұрлан Еспанов.