ҚР Парламентінің бірнеше депутаты Алматыда өтетін "Қайрат" пен "Реалдың" футболына сатылған билетке қатысты пікірлерін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Qrnews.kz. журналисі жүргізген "Футболға билет алдыңыз ба?" Деген сауалнамаға депутат Аманжол Әлтаев: "Билет алып үлгермедім. Үйде отырып, жанкүйер боламыз" деді.
Депутат Бақытжан Базарбек те, Нұртай Сабильянов та билет ала алмағандарын айтты.
Ал Абзал Құспанов футбол көрмейтінін жеткізді.
Депутат Елнұр Бейсенбаев: "Билет алайын деп қызықпадым да. Уақытым да болмады. Ол күндері жұмыстамыз ғой. Футболды үйде көреміз" дейді.