"Қайынжұртым қарғады": Жан Ахмадиевтің бүкіл өтірігі ашылды

"Қайынжұртым қарғады": Жан Ахмадиевтің бүкіл өтірігі ашылды

Танымал қоғам белсендісі Жан Ахмадиев өзінің кезекті бір сұхбатында бұрынырақ болған оқиғаның өтірігі туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізде болса, Жан Ахмадиев ең алғаш жезөкшелерді сабап жүрген видеосымен елге танылған болатын. Осы видеоға қатысты журналистің сұрағына жауап берген ол:

"Негізінен ол видеоның бәрі қойылым еді. Алматының Сейфуллин көшесінде тұратын қызарға барып, "сағатына қанша аласыңдар" деп сұрадым. "Бес мың теңге" деген жезөкше қыздарға қойылым видео түсіруге ұсыныс жасадым. 

Қыздар келісті. Жезөкше сабаған әлгі видеом үшін жауапқа да тартылдым. Сол кезде "кино түсіргенбіз, ішінде өз қарындастарым мен әйелім де болған" деп, полицияға ақталдық. 

Қарындастарым мен әйелімнің болғанын ешкімге айтпаймыз деген полиция ертесіне ақпараттарға шығарып жіберген ғой.

Қыздардың ішіне әйелімді де қосып жібергенімді естіп, қайынжұртым мені қарғады", деп өткен ісіне өкінішін білдірді. 

Барлық жаңалықтар