"Қалтасын тексеремін" деген Тоқтар Серік неден қауіптенетінін айтты

"Қалтасын тексеремін" деген Тоқтар Серік неден қауіптенетінін айтты

Танымал әнші Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиева балаларын қалай тәрбиелеп отырғанын айтты деп жазады Democrat.kz.

"Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Жасыратыны жоқ, өйткені қауіптенемін. Әлдебір зиянды заттың,темекінің түйіршіктері шығып қалуы да мүмкін ғой?!

"Бөтен кісінің қолынан ештеңе алмаңдар" деп айтып отырамын. 

Балаларға телефон, гаджеттерді тек демалыс күндері, санаулы уақытта ғана береміз" деген Тоқтардың сөзін әйелі Бейбіт те қолдады. 

"Жұма күні сабақтан келе салып "айпаааад" деп айғайлап үйге кіреді. Басқа уақытта гаджеттерді ұстатпаймыз" деді Бейбіт Сейдуалиева. 

Барлық жаңалықтар