"Қалықтай ұшқан Бекболат Тілеуханды" көрген табынушылары бір жасап қалды

"Қалықтай ұшқан Бекболат Тілеуханды" көрген табынушылары бір жасап қалды

Әлеуметтік желіде танымал діндар Бекболат Тілеухан мен жанындағы әйелінің ерекше форматтағы фильмді тамашалап, "әуеде қалықтап үшып" отырған видеосы діндардың қолдаушыларын бір желпінтіп тастады деп жазады Democrat.kz.

Астанадағы кинотеатрдың әлеуметтік желідегі парақшасында: "Бекболат Тілеухан ағамыз қонақта болып, жаңа форматтағы кино әлемінде саяхатта болды, қолдауыңыз бен шынайы ықыласыңызға алғыс айтамыз, сіздей қадірменді тұлғаны қонақ ету, біз үшін мәртебе"деп жазып, видео жариялады. 

Видеоның астына жазылған пікірлерден көз тұнады екен. "Асыл азаматымыз", "ғажап ағамыз", "аман жүрші қазақтың ең мықты азаматы", "Бекболат аға, қазақ үшін аман жүрші, сен қазақа өте керексің" дегенге саятын пікір жазғандар діндарға бас ұрып, бар игі тілегін жаудыруда. 

Барлық жаңалықтар