Әлеуметтік желіде тараған әнші Тоқтар Серіктің видеосы жұрттың талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Көрерменнің алдына шығып, сахнадан ізгі тілектерін жолдап тұрған әнші Тоқтар Серік кейбіреулерге жақпай қалды.
"Аяқта кроссовка, шалбары үтік көрмеген" деп әншінің сырт кейпін сөз еткендер "қанша шыңғырса да, Мейрамбектей бола алмайды" деген пікір жазуда.

