Қаралы үйдің есігіндегі жазба қызу талқыға түсті

Қаралы үйдің есігіндегі жазба қызу талқыға түсті

Түркияның Сивас қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрғын өзінің жақын адамы қайтыс болғаннан кейін пәтер кіреберісіне көңіл айтуға келгендерге ас берілмейтіні туралы хабарландыру іліп қойған деп жазады Democrat.kz. сайты qrnews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Kaptanlar Sit. B2» блогының тұрғыны ілген жазбада: «Көңіл айту шарамыз тамақсыз өтеді. Біз қайғы жамылып отырғанда, сіздердің қарындарыңыздың ашқанын ойлай алмаймыз. Қаласаңыздар, келмей-ақ қойыңыздар», — деп жазылған. Үй иесі осылайша жақынынан айырылған отбасының ас әзірлеп, қонақ күтуіне қатысты қалыптасқан дәстүрге өз наразылығын білдірген.

Бұл оқиға қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Желі қолданушыларының бір бөлігі қаралы үйде ас ішуді «дәстүрге айналған ауыр жүк» деп атап, авторды қолдаса, енді бірі бұл жазбаның қонақжайлылық дәстүріне қайшы келетінін алға тартты.

Айта кетейік, соңғы жылдары Түркия мен Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да жерлеу рәсімдеріндегі ысырапшылдық пен қаралы үйге түсетін қаржылық және физикалық салмақты азайту мәселесі жиі көтеріліп жүр. Діни басқармалар мен зиялы қауым өкілдері де қайғылы жағдайда «той жасағандай» ас берудің дұрыс еместігін бірнеше мәрте ескерткен болатын.

Барлық жаңалықтар