Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны Қасымбек ақсақал "Қарттар үйіне" өз еркімен келгенін айтып, журналиспен сұхбаттасты деп жазады Democrat.kz.
"Бұл жерге өзім келдім. Уақытылы тамағымызды береді. Қаласақ, қалаға шығып, керекті заттарымызды алып келуге рұқсат береді.
Кейде жай ғана қаланы аралап, жүріп қайтамыз. Бұрын Сарыағаштың Дархан ауылында тұрғам" дейді Қасымбек ата.
Ал Зәуре апамыз он жылдан бері "Қарттар үйін" паналаған. Түркістан облысының Түлкібас ауданының тұрғыны.
"Балам болмады. Шалым өлген соң, оның өгей балаларымен тіл табыса алмадым. Осында келдім. Әйтеуір үйсіз емеспін. Өлсем, жерлейді осындағылар" деген Зәуре апа "Қарттар үйінде" тоқыма тоқып, қолөнер істерімен айналысатынын айтты.