"Қашыңдар!": Танымал нумеролог Ерлан Қариннің ертеңіне қатысты болжам жасады

"Қашыңдар!": Танымал нумеролог Ерлан Қариннің ертеңіне қатысты болжам жасады

Танымал нумеролог Дане Жорғатай вице-министр Ерлан Қариннің ертеңіне қатысты өз болжамын жасап, кей шенеуніктерге ескертуін де жеткізді деп жазады Democrat.kz.

Нумеролог ең алдымен жемқорлықтан арандары тоймайтын кей шенеуніктерге "қашыңдар!" деп ескертіп: "Қашыңдар! Тағы да айтамын, қашыңдар! Еліміздің қазынасын тонап жатқандар, қашыңдар! Ерлан Қарин вице-президент болды. 

Оның туған күн датасында "8" және "9" белгісі араласып келген. Бұл дегеніңіз, мұндай сандары араласқан кісілер материалды әлемді қатаң бақылауға алатынын білдіреді. Және карма келеді.

Сенсеңіздер, сеніңіздер, сенбесеңіздер, қойыңыз. Тоқаев билік басына келгенде қазынаға қаншама ақшалар кері қайтарылған еді. 

Ал енді Қарин келді, оның да туған күн санында "8" бар. Сондықтан, қашып үлгеріңдер", - деді. 

 

Барлық жаңалықтар