"Қатыгез айуан": Депутат шымкенттік полицейлерді тексеріп, жазаға тартуды сұрады

"Қатыгез айуан": Депутат шымкенттік полицейлерді тексеріп, жазаға тартуды сұрады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Шымкентте пышақталып, сталкингтің құрбаны болған Нұрайға қатысты айтып, полицейлерге үндеу жасады деп жазады Democrat.kz. 

"Қатыгез айуан 6 ай бойы 21 жастағы
пәк қыздың соңынан қалмай, ізінен аңдып,
әбден үркітіп, шошытып, білгенін істеген.

Алдымен сөзге көнбеген соң, күштеп алып
қашып, мәжбүрлеп үйленемін деген.
Қызды ата-анасы көнбей алып кеткен.

Одан кейін сыртынан аңдып, қорқытқан.
Полицияға ата-анасы арызданса да, құқық
қорғау органдары шара қолданбаған.
Ақыры пышақтап өлтірді.

Сонда полиция Президенттің тапсырмасымен
зорлық-зомбылыққа қарсы заңды орындатқысы
келмей ме?

Сонда полиция Президент тапсырған алып
қашуға қарсы заңның биыл қабылданғанын
білмей ме?

Сонда Парламент депутаттарының ұсынысымен
қабылданған сталкинг туралы қатаң заңға
полиция қарсы ма?

Тағы белгілі болғандай, енді тағы 17 жастағы
қызды күштеп алып қашып, мәжбүрлеп некеге
тұрғызу үшін зорлаған.

Мен бұл заңдардың барлығына өзім бастама
жасап едім…
Заң шықты деп халықты сендіріп едік…

Неге Шымкент полициясы үш заңды қатар
орындамай, қыздарды өлтіруге, зорлауға жол
берген?
Шымкент Қазақстанның заңына көнбей ме, әлде
жемқорлық пен сыбайластықтан басын көтере
алмай қалды ма?

Енді бұл аса ауыр қылмыстарға кім жауап
береді?

Тез арада ҚР Ішкі істер министрлігі /
Министерство внутренних дел ҚР және
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная
прокуратура ҚР арнайы комиссия құрып,
Шымкент полициясының жұмысын толық
тексеріп, қатаң жазаға тарту керек.

Президент тапсырып, Парламент қатаң заң
қабылдағаннан не пайда, егер полиция оны
орындауға қауқарсыз болса?" Деп жазды  Мұрат Әбенов. 

Барлық жаңалықтар