Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей мен жұбайының көңілді видеосы тарады, деп жазады Democrat.kz.
Бейнежазбада әзілкештің жары күйеуіне ерекше пранк ұйымдастырғаны көрсетілген.
Видеода ол Қайратқа қол көтермей-ақ, балықты пайдаланып, қалжың ретінде “ашуын алғандай” әрекет жасайды. Ерлі-зайыптылардың бұл ойыны желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі жұптың әзілін жылы қабылдап, отбасылық қалжың ретінде бағаласа, енді бірі Бақыт Тұрманның әрекетін орынсыз деп санаған.
Пікір қалдырғандар арасында «Ішек-қарны ақтарылды ма?», «Қатынан таяқ жеу осындай ма?», «Қайрат ағаның сабырлылығы мықты екен», "Қылықтары тым ерсі" деген жазбалар да бар.