Белгілі жазушы, журналист Қанат Тілеухан қазақ пен қырғыз арасында көпар тарту тек араздық тудыратынын айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Қанат Тілеухан ұлттық ойынымыз көкпарды басқалар тартса да, қазақ пен қырғыз өз арасында тарпағаны жөн деп санайды.
"Кез келген спорт ұлттар арасын жақындастырып, достастыруы керек. Меніңше, қазақ пен қырғыздың өзара көкпар тартуын тоқтату керек. Себебі осы көкпар үшін екі елдің арасында үнемі реніш туындап, екі ұлттың арасын араздастырып жіберуде.
Бір ешкіні сүйрелеген көкпардан соң көкпар тартпаған жұрт өзара пікір жазысыпы, қырылып жатады. Осының керегі бар ма?
Көкпар тартылсын. Тек қазақ пен қырғыздың арасында тартылмаса екен. Бір ойын үшін екі ұлттың араздасуының керегі бар ма?" Дейді Қанат Тілеухан.