Қазақстан БАӘ мен Норвегияны басып озып, әлемнің ең ықпалды 35 еліне енді

Қазақстан БАӘ мен Норвегияны басып озып, әлемнің ең ықпалды 35 еліне енді

Қазақстан халықаралық World Population Review статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 34-орын иеленді, деп жазады Democrat.kz.

Жүз мемлекет қамтылған рейтингте Қазақстан Дания (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктері (37), Оңтүстік Африка Республикасы (38), Норвегия (39), Сауд Арабиясы (40), Пәкістан (42) және Ираннан (46) жоғары тұр.

Бұл рейтинг елдердің халықаралық аренадағы қуаты мен ықпалын бағалайды. Оны жасағанда мемлекеттің экономикалық және саяси ықпалы, көшбасшылығы, халықаралық одақтары мен әскери әлеуеті ескеріледі. Яғни бағалау ел экономикасының көлемімен шектелмейді, оның әлемдік аренадағы беделі мен салмағын да қамтиды.

Рейтингке енген бұрынғы кеңестік республикалардың арасында Қазақстан Ресейден ғана кейін тұр. Ресей 11-орынға орналасқан.
Ал Украина — 51, Литва — 56, Беларусь — 57, Өзбекстан — 71, Латвия — 74, Эстония — 75, Армения — 80, Грузия 91-орын иеленген.
Алғашқы үш орын Қытай, АҚШ және Үндістанға тиесілі. Үздік ондыққа Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия да кірді.

Барлық жаңалықтар