Мәжіліс депутаттары Сенаттың жасанды интеллект (ЖИ) туралы заңға енгізген түзетулеріне келісті, - деп жазады Democrat.kz. сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір апта бұрын Сенат ЖИ туралы заңды қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарған еді. Сенаторлар ЖИ жүйелерін қолдану арқылы келтірілген зиян үшін міндетті сақтандыруды енгізуді ұсынды. Бұған дейін тек ерікті сақтандыру туралы айтылған болатын.
Сонымен қатар, бұрын заңда тәуекел анықталған кезде залалды азайту шараларын қабылдау жеткілікті болса, енді түзетулерге сәйкес, ЖИ иелері ықтимал қауіптің алдын алып, зиян келмеуін қамтамасыз етуге міндетті.