"Қазақстан тәуелсіздігін сақтай алмайды" деген Танакөз Толқынқызының үстінен шағым түскен

"Қазақстан тәуелсіздігін сақтай алмайды" деген Танакөз Толқынқызының үстінен шағым түскен
Таяуда қазіргі қоғамның ащы шындығын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызу талқыға түскен, танымал ақын Танакөз Толқынқызының үстінен шағым түсіті деп хабарлайды Democrat.kz.
 
Бұл туралы ақын қыздың өзі желідегі парақшасында: 
Қадірменді достар!
Бүгін маған Астана қалалық Сарайшық ауданы полициясынан хабарласты.
 
Менің үстімнен 7-наурыз күні фейсбук парақшамда жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген постыма егов арқылы бір адамнан шағым түскенін мәлімдеді.
 
Мені 31-наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады.
Мен полицияға адвокатсыз бара алмаймын. Оны өздеріңіз де іштеріңізден біліп, түсініп отырсыздар.
 
Адвокаттың шығындарын көтеру - өз алдына үлкен мәселе болып тұр. Себебі мен 2022 жылдан бері телеарналарда жұмыс істемеймін.
 
Ип-ны табыс көзі болмағандықтан 3 жыл мерзімге уақытша ресми түрде тоқтатқанмын.
Жалпы мен халықтан ақша жинауға қарсы адаммын.
 
Өйткені халықтың жағдайы дәл өзімдікі сияқты қиын жағдайда екенін білемін.
Кредит төлеп, қалт-құлт етіп өмір сүріп жатқан елден ақша жинау адамдардың жүйкесіне тиеді.
 
Сондықтан ойлана келе адвокаттың шығындары мен еңбекақысын төлеуге өзімнің кітаптарымды сатуға шығармақпын.
 
Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ! Бұл - дала заңы.
Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек.
 
Егер сіздің жүрегіңіз мені қорғау керек деп шешсе, онда менің кітабымды сатып алып, маған қаржылай демеу беріңіз!
 
Кітап бағасы 8000 теңге. Бірақ әркімнің жағдайы әр түрлі. Біреу 100 теңге, біреу 200 теңге бере алуы мүмкін. Өзіңіз бере алған ақшаға кітабымды қолтаңбамен беремін", деп банк деректерін жариялады
 
Барлық жаңалықтар