Қазақстанда алғаш рет Disney киноконцерті өтеді

Қазақстанда алғаш рет Disney киноконцерті өтеді

Алматының репертуарына ресми Disney киноконцерттері енді. Симфониялық оркестрдің жанды сүйемелдеуімен өтетін бұл жобадағы жаңа бағдарламаларды отандық әртістер Disney шығармашылық тобының кастингінен өтіп, енді жыл бойы көрермендерге ұсынып отырады.

Алғашқы бағдарлама – «Арыстан патша» («Король Лев»). Көрермендердің көптеп түскен сұрауларына байланысты аңызға айналған киноконцерт 18 қазаннан бастап Almaty Theatre сахнасында қойылады.

Билеттер сатылымы 20 тамыз күні сағат 11:00-де kino.kz сайтында басталады.

Барлық жаңалықтар