1 қазаннан бастап Қазақстандағы балалардың профилактикалық медициналық тексеру жүйесі өзгереді. Дәрігерлер тек бойы мен салмағын өлшеумен шектелмей, цифрлық құрылғылар арқылы қосымша көрсеткіштер жинайды, ал мәліметтер баланың электрондық денсаулық паспортына енгізіледі, деп жазады Democrat.kz.
Жаңа жүйе Астана мектептерінің бірінде сынақтан өткізілген.
Медициналық тексеру кезінде ЭКГ, цифрлық стетофонендоскоп, пульсоксиметр, отоскоп, табан мен ауыз қуысын тексеруге арналған жабдықтар пайдаланылмақ.
Кейбір процестерге жасанды интеллект технологияларын енгізу де жоспарланған.
Барлық көрсеткіш медициналық ақпараттық жүйеге сақталады.
Жүйенің негізі ретінде 2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық реестрі пайдаланылады. Онда профилактикалық тексеру нәтижелері, қауіп факторлары, мамандарға берілген жолдамалар және денсаулықты одан әрі бақылау секілді 54 көрсеткіш жинақталады.
Денсаулық сақтау жүйесі Ұлттық білім беру деректер базасымен де біріктірілген.