«Құйрығыңыз күшті екен!» деген белгілі әнші желіні шулатты 

«Құйрығыңыз күшті екен!» деген белгілі әнші желіні шулатты 

Белгілі әнші-композитор Ғани Бейсенов пен Бота Бейсенованың кезекті бейнежазбасы жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды, деп жазады Democrat.kz.

Шығарылымнан әншінің күйеуінің таңғы асына манты әзірлеп қойғанын көруге болады. Отағасының алдына қойылған тамақты тамсана жеп: «Күшті, Боташкамның асына басқа тағам жетпейді ғой» деп баға бергені сол, шыдас бермеген Бейсенова бірден тағамның жасалу жолын айта жөнеледі. 

«Қамыры жұп-жұқа әрі құйрығы көп болу керек» дейді. Мұны естіген күйеуі тарелкадағы тамақтан басын жұлып алып, әйеліне қарай әзіл-шыны аралас: «Құйрығыңыз күшті екен» деген баға берді. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар