"Құпия ашылды": Олжас Абай мен Дариға Бадықованың не себепті үйленгені белгілі болды

"Құпия ашылды": Олжас Абай мен Дариға Бадықованың не себепті үйленгені белгілі болды

Олжас Абай мен Дариға Бадықованың қарым-қатынасы әлеуметтік желіде тағы да қызу талқыланып жатыр. Бұл жолы желі қолданушылары олардың отбасын құруына не себеп болғаны жөнінде түрлі болжам айтып, тіпті ақша мен материалдық жағдай мәселесін қозғады, деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың бірге түскен суреттері мен бейнежазбалары талқыланып, олардың қарым-қатынасына қатысты түрлі пікір айтылып жатыр.

Threads желісіндегі жазбалардың бірінде ерлі-зайыптылардың суреті мен Дариға Бадықованың сахнада ән айтып тұрған бейнесі қатар жарияланған.

Жазба авторы:

«Сен болмасаң өлем деді, екеуміз де тірі қалдық... Әйелінде әдемілік болғанымен, энергия болмаған шығар бәлкім немесе екеуі бір-бірінен суыды», — деп жазған.

Бұл пікірден кейін желі қолданушылары Олжас Абайдың бұрынғы отбасылық өмірін, Дариға Бадықовамен қарым-қатынасын және олардың қосылуына ықпал еткен болуы мүмкін себептерді талқылай бастаған.

Пікір қалдырғандардың бірі ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын материалдық жағдаймен байланыстырған.

«Әйелі просто бай болмады», — деп жазған ол.

Бұл пікірді қолдаған тағы бір қолданушы ақша мен байлық адамның мінез-құлқына әсер ететінін алға тартқан.

«Өте дұрыс айтасыз. Байлық пен ақша ғой адамға сенімділік беріп, ойын бұзатын», — деген пікір қалдырған.

Ол өз сөзінде танымал адамдардың отбасылық қарым-қатынасына қатысты өзге мысалдарды да келтіріп, тұрмыстық жағдайдың маңызын атап өткен.

Алайда пікірталасқа қатысқандардың барлығы мұндай болжаммен келіспеген.

«Әйелден неге көресіңдер осы? Энергия емес, жауапкершілік алмаған соң кеткен. Үш рет үйленіп жатыр, мүмкін еркектен көресіңдер?» — деп жазған қолданушы ер адамның отбасылық жауапкершілігі мәселесін көтерген.

Тағы бір желі қолданушысы ерлі-зайыптылардың бір-бірімен тіл табыса алмауы қарым-қатынастың үзілуіне себеп болуы мүмкін екенін болжаған.

Ал пікірлердің бірінде жұптың қарым-қатынасы туралы сырттан баға беруге болмайтыны ескертілген.

«Айналайын еркектер, энергия-пэнергияларыңды үйленгенше тексеріп алыңдаршы, пожалуйста», — деп жазған қолданушы отбасын құрар алдында өзара үйлесімділікті анықтау қажеттігін әжуалаған.

Оған жауап берген тағы бір пікір иесі:

«Олар тым энергиялы болып кетсе де, сен тым пысықсың деп тастап кете береді», — деп жазған.

Осылайша, желідегі пікірталас ақша мен байлық мәселесінен басталып, отбасылық жауапкершілік, ерлі-зайыптылардың мінезі және қарым-қатынастағы үйлесімділік туралы түрлі болжамдарға ұласқан.

Дегенмен Олжас Абай мен Дариға Бадықованың ақша үшін қосылғанын растайтын дерек ұсынылған жоқ. Бұл — әлеуметтік желі қолданушыларының жеке пайымы ғана.

Жұптың отбасын құруына не себеп болғаны туралы нақты қорытындыны олардың өздері ғана айта алады.

 

Барлық жаңалықтар