Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша жүргізілген үш exit poll нәтижесі жарияланды. Үш зерттеуде де «Әділет» партиясы 70%-дан астам көрсеткішпен көш бастады, деп жазады Democrat.kz.
«Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll қорытындысында «Әділет» партиясына сайлаушылардың 71,8%-ы дауыс берген.
Қалған партиялардың көрсеткіші:
- «Ауыл» – 6,4%;
- Respublica – 5,4%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%;
- «Ақ жол» – 5,1%;
- Қазақстан Халық партиясы – 3,0%;
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,0%.
Ал респонденттердің 2,1%-ы «Барлығына қарсымын» нұсқасын таңдаған.
Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, сауалнама Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген. Оған 30 мыңға жуық сайлаушы жасырын түрде қатысқан.
Басқа exit poll нәтижелері қандай?
Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша «СОЦИС-А» жүргізген exit poll да ұқсас нәтиже көрсетті. Оның дерегінше, «Әділет» партиясын респонденттердің 70,7%-ы қолдаған.
«Ауыл» – 6,4%, Respublica – 5,5%, «Ақ жол» – 5,4%, ЖСДП – 5,0%, Қазақстан Халық партиясы – 3,2%, ал «Байтақ» жасылдар партиясы 1,2% жинаған. «Барлығына қарсымын» жауабын 2,6% респондент таңдаған.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінде «Әділет» партиясының көрсеткіші одан да жоғары – 72,3%.
Бұл сауалнамада «Ауыл» партиясы 6,2%, Respublica 5,2%, «Ақ жол» 5,1%, ЖСДП 5,0%, Қазақстан Халық партиясы 2,8%, «Байтақ» партиясы 0,9% дауыс жинаған. Респонденттердің 2,5%-ы барлық кандидатқа қарсы дауыс бергенін айтқан.
Осылайша, үш ұйым жүргізген exit poll нәтижелері бір-біріне жақын. «Әділет» партиясының көрсеткіші 70,7–72,3% аралығында болса, «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП партиялары шамамен 5–6% деңгейінде қолдау тапқан.
Айта кетейік, exit poll – дауыс беріп шыққан сайлаушылар арасында жүргізілетін сауалнама. Оның нәтижелері сайлаудың ресми қорытындысы болып саналмайды. Сайлаудың түпкілікті нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.