Әлеуметтік желіде Лаура есімді қыздың "қыздар, әкесі жоқ еркекке күйеуге шықпаңдар" деген жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
"Жігіттер “әкесі жоқ қызды алмаңдар” деп жатады ғой. Мен әкесі жоқ жігітке тұрмысқа шығуға тартыныңдар деп айтатын едім. Себебі оның мамасы, оны өзіне күйеу қылып алып, ертең сенен қызғанып отыруы әбден мүмкін.
Мен бұл жағдайдың адам еркінен тыс және санасыз түрде болатынын білемін. Ауызыңа ие бол деп жазып кетіпті. Мен біреуді осуждать етіп отырған дымым жоқ.
Бәрі 100% сондай дегенде әңгіме жазған да жоқпын. Бұл менің бір ойлап тапқан әңгімем емес, әлем психологтары зерттеп жазған нәрсесі. Егер оқимын десеңіздер өзім оқыған: “Материнская любовь” А.Некрасов және “Женат на маме” Кеннет М.Аддамс кітаптарына кеңес бере аламын"деп жазды Лаура.
Лаураның жазбасына қатысты жұрт төмендегідей пікірлер жазуда:
"Ажырасатын кезде арада бала болса жақсылап ойланыңдар. Сен өз камфортыңды ойлаған мен бәрібір перзентіңнің өмірін құртатыныңды ұмытпа. Толық емес семьяда өскен бала өмір бойы өзінің өзгелерден бір саты төмен екеніне өкініп өтеді"
"Әке-шеше дегенді көрмей өскендер не істейміз, осындай сөздерден әбден көңіліміз қалған, күйеуге тимек түгілі, танысуға да қорқып қалғанбыз... "жетім қызды алма", "әке-шешесі жоқ қыз не оңған қыз дейсің" дегенді де естідік... Аллам әр жүрекке иман, имандарына нұр сеуіп, Жаратқан өзі жар болсын деймін..."