Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров Алматыға келді

Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров Алматыға келді

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеуден Алматыға таңғы ерте келді, деп хабарлайды Democrat.kz.
 

Ұшақ жергілікті уақытпен 04:50-де қонғанымен, әуежай қызметкерлері журналистерге Сабуровты фото немесе видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, әзілкеш ешқандай пікір білдірмей, бірнеше адамның сүйемелдеуімен әуежайдан тез арада шығып кеткен. Ол көпшіліктің назарынан қашып, әуежай аумағынан сәт сайын кетіп бара жатқан көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуге келген бойда Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған. Ресейлік БАҚ дерегінше, бұл шешім “ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін” қабылданған. Әзірге бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме жоқ.

 

Барлық жаңалықтар